Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылады
Үкімет отырысында Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесі іске қосылатыны айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Flood.garysh деп аталатын жүйе арқылы картадан қауіпті аймақтарды көруге болады. Нұржан Нұржігітов аталмыш жүйенің Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып жасалғанын атап өтті. Flood.garysh ақпараттық жүйесі осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылмақ.
Су ресурстары министрінің айтуынша, ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Осылайша құзырлы органдардың болжамдарына сәйкес келетін су тасқыны болуы ықтимал қауіпті аймақтарды картада бейнелеуге болады.
“Ақпараттық жүйенің көмегімен су деңгейінің болжамды биіктігін, су басу аймағының шекарасын және су басу тереңдігін болжауға болады. Модельдеу нәтижелері Flood.gharysh.kz ақпараттық жүйесіне жүктеліп, құзырлы мемлекеттік органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарысты басқару орталығына қолжетімді болмақ. Flood.gharysh.kz биыл 1 желтоқсанда тестілік режимде іске қосылады деп жоспарлануда”, – деді Жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Қазақстанда табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылатыны туралы жазған едік.