Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда стационарлар жабылып жатыр

Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылып, төсек-орындар қысқартылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек - орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарларда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды.

Жабылған аймақтар бойынша: 

  • Ақтөбе облысы - БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);
  • Атырау облысы - Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);
  • Қарағанды облысы - облыстық кардиоорталық жанындағы "Турист" қонақ үйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);
  • Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек -орны бар инфекциялық стационар);
  • Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын).

Төсек-орын санын қысқарту бойынша: 

  • Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік), Бейнеу ауруханасы (30 төсектік), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);
  • Павлодар облысы - "Мойылды" шипажайы" АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь  (500 төсек-орын).
  • Қалған облыстарда және Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.
STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 14:51
Талқылау