Қазақстанда сотталушы түрмеде интернет орнатып, есірткі саудасын басқарып отырған
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрінің орынбасары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков сотталушының түрмеге Starlink спутниктік интернетін орнатып алғанына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін БАҚ-та сотталушының түрмеде Starlink құрылғысын орнатып, интернет арқылы есірткі саудасын басқарып отырғаны туралы ақпарат тараған еді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ақпаратты растады.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Жауапты лауазымды тұлғаларға қатаң тәртіптік жаза қолданылды. Мекеме мен департаменттің жауапты басшылары қызметтерінен босатылды. Ішкі істер органдарындағы кінәлі қызметкерлер жұмыстан шығарылды", – деді Абай Қайырбеков.
Қазақстандықтар Илон Масктың интернетін заңды түрде қолдана алады: Министрлік мерзімін атады
Қазақстанда түрмеде отырған қанша адамға рақымшылық жасалмақ
Атап айтқанда, мекеме басшысының орынбасары және жедел режимдік бөлімнің қызметкерлері жұмыстан босатылған.
"Қазіргі тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу барысында барлық мән-жай толық анықталады", – деді Қайырбеков.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында түрмеде отырған қылмыстық топ басқа сотталғандардан ақша бопсалағаны туралы жазған едік.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
