Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі
Қазақстанда 2018 жылдан бастап сотталғандар үшін арнайы электронды білезіктер енгізілетінін ішкі істер министрі Қалмұханбат Қасымов айтты.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
“Министрлік дайындаған жоба қазір мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланып жатыр. Келесі жылдан бастап жоба мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қолданысқа енгізіледі”, – деді министр.
Оның сөзінше электронды білезіктердің арқасында жыл сайын 6 мың адам бақылауда болмақ.
“Бекітілген тәртіпті бұзуға бағытталған кез-келген әрекет жағдайында арнайы қызмет өкілдері бірден хабардар болады”, – деді Қасымов.
Министр білезіктердің Қазақстанда өндіріліп шығатынын да мәлім етті.
“Біз басында сатып алайық деп ойлағанбыз, бірақ бұл бюджетке біраз салмақ түсіреді. Қазір жапон құралдарымен жабдықталған Талғарда зауыт салынып жатыр. Бағдарлама сараптамадан өткен соң, басталады”, – деді министр.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның үстінен несие рәсімдеп тастаған
Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған
Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен
Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр