Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салына ма – Министрлер жауап берді

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы криминалдық өмірді баяндайтын "Слово пацана" сериалы соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түсті. Әсіресе жағымсыз пікірлер көп.  Оқу-ағарту мен ғылым және жоғары білім министрлері зорлық-зомбылықты насихаттайтын туындыға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сериал жайлы қоғамда ақпарат көп екенін айтты. Тіпті Ресей федерациясының өзінде де аталған өнімге қатысты бірнеше мәлімдеме жасалғанын атап өтті.   

"Қазір сериалға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  Мерзімінен бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Біздің министрлік ақпарат министрлігінен бірнеше сарапшыны бұл мәселеге тартты. Қажет болса, кейбір шешімдер қабылдануы мүмкін. Қазір қандай да дүрбелеңді көріп отырғанымыз жоқ”, – деді Саясат Нұрбек.

Оқу-ағарту министрі  Ғани Бейсембаев та сериалға қатысты өз ойын жеткізді. 

"Әрине, біз кез келген зорлық зомбылық әрекеттеріне қарсымыз.  Шыдамның да шегі болады. Сериалға келсек, бұл мәселеге қатысты зерттеу жүріп жатыр. Менің білуімше, осы туындыны жарыққа шығарған елдің өзі де бұл мәселені қарап жатыр. Сондықтан, біз де мектептке зорлық-зомбылықты насихаттайтын туындыларға жол бермейміз. Мұндай дүниелер елімізде болмауы керек”, – деді  Ғани Бейсембаев.

Екі министр де ресейлік сериалды әлі көрмегенін айтты.  

Айта кетейік, ресейлік "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалы 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы баяндайды.

Талқылау