Қазақстанда сыйақы төленетін дәрігерлер саны артады
Сыйақы төленетін дәрігерлердің саны сәуір айында артады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰААҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ауырған және карантинге ұшыраған науқастарды анықтаған сайын, сәуір айындағы үстеме ақылар мөлшері өзгереді. Біздің болжамымыз бойынша бонустық процестерге немесе үстеме ақыларға қосылатын контингент екі есе көбейеді. Бұл 17 мыңнан бастап 35-40 мың медицина қызметкері", - деді Айбатыр Жұмағұлов брифингте.
Бұған дейін Айбатыр Жұмағұлов коронавируспен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын медицина қызметкерлерінің сыйақысы басқа адамдарға төленген жағдайлар туралы хабарлады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”