Қазақстанда мал экспортына тыйым салынды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен қаржы министрі 2021 жылғы 11 наурыздағы "Ауыл шаруашылығы жануарларын шығарудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін", - делінген құжатта.
Атап айтқанда, тізімге: ірі және ұсақ малдың аналық басы кірді.
Ірі қара малға сиырлар, ұсақ малға қойлар мен ешкілер жатады.
Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан