Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Шыңғыс ханның ұлы туралы сериал ағылшын тілінде түсіріледі

"Дара" президенттік бастамалар қоры Шыңғыс ханның ұлы туралы ағылшын тіліндегі сериал Қазақстанда таспаланатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: wikipedia.org

"Дара" президенттік бастамалар қоры және Karga Seven Pictures компаниясымен бірлесе отырып, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімді ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық сериал түсіре бастады", – делінген хабарламада.

Сериалда Жошы ханның өмір тарихы мен Алтын Орда империясының даму кезеңдері көрсетіледі.

Таспагерлер түсірілім күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп уәде беріп отыр. Karga Seven Pictures Netflix үшін "Империяның өрлеуі: Осман империясы" және "Келісім: Мұсаның хикаясы" фильмін түсірді. Кинотуындылар 90-нан аса елде үздік 10 телехикая болды.



"Жошы ханның өмір тарихы керемет эпика болғандықтан ол дүние жүзіндегі көрерменді қызықтырары сөзсіз. Біз "Дара" қорымен осы ауқымды тарихи жобада ынтымақтасуға үлкен мән береміз", – деді Karga Seven Pictures шығармашылық директоры Эмре Шахин.

Еске салайық, Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, Иран режиссері Мохаммад Расулоф фильмі үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, оған қамшымен дүре соғу, айыппұл төлеу және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалғанын жаздық. Мұны оның адвокаты Бабак Пакния мәлімдеді. 

Талқылау