AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шығарылған вакцина шет елде үлкен сұранысқа ие болуда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Жолдау аясындағы тапсырмаларды негізге ала отырып, қаланың бас дәрігері Б. Позилов қауіпті инфекцияны алдын алуда отандық вакцинаның маңызыдылығын атап өтті. 

Оның сөзінше, Қазақстанда шығарылған "QazVac" 2020 жылдың көктемінен әзірлене бастады. Бұл екпе бірнеше сынақтардан өтіп, тіпті көрші елдердің сұранысына ие болған. 

"Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оң бағасын алды. Біздің елде шығарылған вакцинаға өзге елдерден сұраныс түсіп жатыр. Қазақстан коронавируспен күресте вакцина дайындап шығарған алдыңғы қатардағы елдер. Пандемияны жеңуде екпе жұмыстарының маңзыдылығын ерекше атап өткім келеді", - деді Б. Позилов. 

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласында 1-ші компонентпен-542 931,2 – ші компонентпен - 503983 адам егілді. Қалада екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Екпе егу бекеттері демалыс күндерге қарамастан жұмыс істеуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр