Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендемек

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елдегі автокөлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте елде өндірілген көліктердің бағасы қаншаға артқанын айтты.
“2025 жылы қаңтар айындағы статистиканы қарадым. Жалпы көліктердің бағасы 105% өсті. Ал Қазақстанда өндірілген автокөліктердің бағасы 101% артты”, – деді Нағаспаев.
Zeekr аккумулятор ақауына байланысты 38 мыңнан астам көлікті Қытайға кері қайтарып жатыр
Тоқаев автокөлік тасымалын дамыту үшін жол сапасы мен қауіпсіздігін реттеу керегін айтты
Министрдің айтуынша, отандық зауыттар өндіріс көлемін арттырған соң, Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендейді.
“Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын баға сөзсіз төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автокөлік өндірісінің артуы қытайлық автокөліктердің бағасының да төмендеуіне ықпал етеді”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада автосалон иесі адамдардан ақшаны алып, көліктерін бермей қойғаны туралы жазған едік.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр