Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыруға арналған утиль алымының мөлшері белгіленді
Мәжіліс екінші оқылымда өзгеріс енгізілген Салық кодексін мақұлдады. Мұнда шетедік көліктерді заңдастыруға арналған бірыңғай тіркеу алымы белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар енгізген өзгеріске сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көліктерді заңдастыру кезінде бірыңғай тіркеу алымы 200 мың теңге болады.
"Бұл толықтыру президенттің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы кезінде айтылған тапсырмасын орындау аясында дайындады. Президент бұл көлік категориясы үшін утиль және тіркеу алымын 200-250 мың теңгеден асырмауды айтқан", – деді мәжіліс депутаты Сергей Симонов.
Оның сөзінше, бұл өзгеріс халыққа көлік меншігін тіркеуге мүмкіндік жасайды. Ал көлік категориясын, тіркеу реті мен шарттарын, мерзімін Үкімет белгілейді екен.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған