AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шекарадан өтуге қойылған шектеулер алынып тасталды

ВАК отырысында қазақстандық және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін жеңілдету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, ведомствоаралық комиссия уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары арқылы шет мемлекеттерге шығуына; әуе-визалық талаптар сақталған жағдайда шетелдіктерге визасыз режимі бар елдерден, сондай-ақ тікелей әуе қатынасы бар елдерден (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағы арқылы кіруге/транзиттік өтуге.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайтылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады.

Елге кіру кезіндегі жалғыз талап – шетелден келгендердің барлығы вакцинациядан өтуіне қарамастан 72 сағат ішінде жарамды коронавирустың теріс ПТР тесті туралы анықтаманы ұсынуы керек. Еріп жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

"Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу барысында Үкіметке коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды қолдану тәсілдерін қайта қарауды тапсырған болатын", - делінген ВАК мәліметінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр