Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті тексеруге қатысты мораторий мерзімін ұзарту ұсынылды
Елімізде шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сәйкес өзгерістер "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.
"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатсын", – деделінген жаңа редакцияда.
Құжат жобасын жария түрде талқылау 11 тамызға дейін жалғасады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”