Қазақстанда сексуалды құлдыққа тап болған әйелдер шетелге шығарылған
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы сексуалды және еңбек құлдығының құрбаны болған 16 әйел анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі Адам саудасына қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Көшербаеваның сөзінше, сексуалды құлдыққа тап болған әйелдерді шет елдерге шығарған.
"2021 жылы сексуалды құлдықтың 16 құрбаны, 2020 жылы 67, 2019 жылы 35 құрбаны анықталды. Азаматтарды Бахрейнге шығару бойынша бір дерек бар. Соңғы жылдары Түркия мен Біріккен Араб Әмірлігіне шығарған. Бірақ басым бөлігі мемлекет ішіндегі трафик", – деді Шынар Көшербаева.
Қазіргі уақытта еңбек құлдығы бойынша 5 іс қозғалып, тергеу басталған. Ал 2021 жылы 4 адам еңбек құлдығына тап болса, 2020 жылы 21 құрбаны анықталған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”