Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жарты күн ішінде сайлаушылардың 40%-дан астамы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы сағат 14.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 43,9% алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 41,3 %

Ақтөбе облысы бойынша – 41,1 %

Алматы облысы бойынша – 43,0 %

Атырау облысы бойынша – 37,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 47,5 %

Жамбыл облысы бойынша – 55,1 %

Қарағанды облысы бойынша – 51,6 %

Қостанай облысы бойынша – 49,9 %

Қызылорда облысы бойынша – 48,7 %

Маңғыстау облысы бойынша – 36,0 %

Павлодар облысы бойынша – 51,1 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,2 %

Түркістан облысы бойынша – 46,6 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,8 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,0 %

Алматы қаласы бойынша – 21,9 %

Шымкент қаласы бойынша – 44,5 %

Келесі шұғыл ақпарат сағат 16.00-де баяндалатын болады.
 

STAN.KZ
Жексенбі, 10 Қаңтар, 2021 13:19
Талқылау