Қазақстанда саяси партияларды қаржыландыру ережесі өзгермек
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы саяси партияларды қаржыландыру ережесін өзгертпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жобаның басты мақсаты республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту. Қолданыстағы заңнамада саяси партияларды қаржыландыру ең аз жалақы мөлшерімен есептелетін. Ал енді қаржыландыру көлемін айлық есептік көрсеткішкен есептеу ұсынылды.
"Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең төменгі есептік көрсеткіштің 0,65% есебінен айқындалады. Ал қолданыстағы құжатта әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің 3% көлемінде бекітілген. Бұл өзгеріс президент жолдауындағы заңнамаға әлеуметтік, медициналық, салық және басқа салаларда, ең төменгі жалақыны есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды алып тастауды көздейтін тапсырмасына сәйкес енгізілмек АЕК-ті есептік бірлік ретінде пайдаланған кезде саяси партияларды қаржыландыру көлемі жыл сайын АЕК-тің инфляция деңгейіне жыл сайынғы өсуін ескере отырып өсетін болады", – делінген құжатта.
Құжат жобасы 1 қарашаға дейін талқылауда болады.