Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саусақ ізін тапсыру міндеттелмейтін болды

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді яғни саусақ ізін алуды міндеттеуді алып тастау жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

саусақ ізі

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін тіркеу 2024 жылдан басталуы керек. Алайда норма қолданысқа енбеуі мүмкін. Бұл өзгеріс мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялар мәселесі бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

"Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін міндетті саусақ ізін алып тастау. Шешім көптеген өтініштерге, қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары үшін, сондай-ақ сарапшылардың пікіріне байланысты қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Ал шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді", — деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны айтылған еді. 

Талқылау