Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саусақ ізін тапсырудан бас тартқандарға салынатын айыппұл алынып тасталмақ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев азаматтарға саусақ іздерін тапсырудан бас тартқаны үшін салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Вице-министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министрліктің 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей саусақ іздерін алудан бас тартқаны үшін айыппұлды алып тастау мәселесін қарастыруға дайын екенін айтты.

Оның айтуынша, айыппұл салу туралы заң 2016 жылы депутаттардың ескі құрамымен қабылданған. 

"Бұл мәселелерді талқылауға және керек болса, кейбір өзгерістерді енгізуге дайынбыз. Себебі егер адам саусақ ізін беруден бас тартса, қызметті де алмайды. Сондықтан бұл адамдарды саусақ іздерін тапсыруға ынталандыру үшін ғана қабылданған шара шығар. Бірақ мұның бәрі әлі де талқылануы керек мәселе", – деді Марат Қожаев.

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардан саусақ іздері алына бастайды. 12 жасқа толмаған балаларды қоспағанда, Қазақстанның барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ іздерін тіркейді. 12 мен 16 жас аралығындағы балалар ерікті түрде саусақ ізін тіркеуден өтеді. Саусақ іздері мен геномдық тіркеуден өтуден бас тартқандарға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Талқылау