Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саусақ іздерін кімге, қашан және қалай тапсыру міндеттеледі?

Саусақ іздерін алу сканер немесе бояғышты пайдалану арқылы орындалады. Саусақ іздері мен геномдық тіркеуді жүргізу ережелері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Құжат мәтіні «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған, деп жазады Stan.kz

Аталмыш қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ереже «саусақ іздері мен геномдық тіркеу туралы» заңға сәйкес әзірленді. Оған 2016 жылдың соңында президент қол қойды.

Ішкі істер органдарының ережесіне сәйкес саусақ іздері Қазақстанның 16 жасқа толған азаматтарынан алынады. Ол кәмелеттік жасқа толғанда жеке куәлік немесе төлқұжат рәсімдеу кезінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 12 жастан 16 жасқа дейін  төлқұжат алғысы келген қазақстандықтардан да саусақ іздері алынады.

Ереже Қазақстанда тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына да қатысты. Шетел азаматтарының саусақ іздері қазақстандық визаны алу кезінде немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты рәсімдеу кезінде алынады.

Саусақ іздерінен алынған мәліметтер дерекқорда сақталады. Ал екі бас бармақтың саусақ іздері жеке куәліктің микросхемахасына енгізіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Еліміздегі рақымшылық тек шенеуніктерге арналған ба? 

Кабулда қаза тапқан қазақ жігітінің ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды 

Өскемендік әйел өзіне жақсылық жасаған басшысының үйін тонап кеткен  

Көлік жүргізушілері айыппұлды уақытылы төлей алмай жүр

 

Талқылау