Қазақстанда сауда орталықтарының иелері өрттен зардап шеккендерге өтемақы төлеуге міндеттелмек
Фото: freepik.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстанда сауда орталықтары мен басқа да адам көп жиналатын орындар иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"2025 жылы адамдар көп жиналатын нысандар иелерінің жауапкершілігін жүктелме сақтандыруды енгізу жоспарланып отыр. Ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары мен ірі қоғамдық нысандардағы өрттен зардап шеккендерге залал өтеледі", – деді Мария Хаджиева.
Қазір заң жобасы парламентте қаралып жатыр.
Сондай-ақ агенттік өкілі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру (ӨЖОҚМС) жүйесінде еңбек жағдайлары зиян жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін 55 жастан 63 жасқа дейін ай сайын 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлемдер қарастырылғанын еске салып өтті.
2024 жылдан бастап өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде зейнеткерлікке дейінгі төлемдерден басқа жұмыс берушілерге еңбек жағдайларын жақсарту үшін профилактикалық шаралар жүргізуге төлемдер төленеді. Бүгінде сақтандырушылар 28 млн теңгеге жуық профилактикалық төлемдерді іске асырған.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
