Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әр саудадан 30%-ға дейін кешбэк алуға болады

Үйге азық-түлікке тапсырыс беру, киноға билет сатып алу, сақтандыруды рәсімдеу және тағы басқа. Енді осы тұрақты сатып алулар үшін қазақстандықтар 30%-ға дейін жоғары кешбэктер ала алады. 

Freedom Bank ниеттестік бағдарламасын іске қосты, оған қатысу үшін Freedom SuperApp қосымшасына тіркелу, банк картасын тегін ашу, Freedom холдингінің компанияларында транзакциялар жасау және теңгерімде белгілі бір ай сайынғы қалдықты сақтау қажет.

Жоғары кешбэк Freedom Insurance, Freedom Ticketon, Freedom Life, Aviata, Freedom Drive, Freedom Mobile, Naimi.kz, Arbuz.kz және Choco-да сатып алу кезінде есептеледі.

Ниеттестік бағдарламасы аясында 1%-дан 4%-ға дейінгі кешбэкпен 4 базалық деңгей жұмыс істейді. Олар: Standard, Silver, Gold және Platinum. Деңгей мен кешбэкті арттыру үшін Freedom Вank карталары бойынша шоттағы орташа айлық қалдықты ұлғайту қажет. Ниеттестік деңгейі неғұрлым жоғары болса, қайтару мөлшері соғұрлым көп болады. Берілген мәртебені сақтау үшін теңгерімдегі міндетті қалдықты сақтау қажет.

Мысалы, Gold деңгейіне жету үшін шоттағы орташа теңгерім 300 001-ден 1 миллион теңгеге дейін болуы тиіс. 

Базалық кешбэкке (ниеттестік деңгейіне) қосымша 2% Apple Pay, Google Play немесе Samsung Pay контактісіз төлеген кезде қайтарылады. Сонымен қатар тағы +1%-ды банк карталары бойынша транзакциялар жасау арқылы айына 50 000 теңгеден бастап алуға болады. Экожүйеден тыс сатып алу кезінде жалпы максималды кешбэк 7% болады.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі: 

"Ниеттестік бағдарламасының бірегейлігі – жоғары кешбэктер Freedom инвестициялық валютасында есептеледі. Ол Freedom Holding Corp. акцияларына тіркелген және бағалы қағаздың құнымен бірге өзгеріп отырады. Осылайша, пайдаланушы акция бағасы өзгерген сайын кешбэктер жинай отырып, жоғары кешбэкке қол жеткізе алады. Біз бұл ниеттестік бағдарламасы адамдарды шоттарда ақша жинауға және сонымен бірге теңгерімнің қалдығы үшін сыйақы алуға ынталандыратынына сенімдіміз. Бұл қазақстандықтарға шығындарға тиімдірек қарауға және орынды пайдалануға көмектеседі және жинақтаушы және инвестициялық әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді".

Freedom инвестициялық валютасы (ETN* биржалық нотасы), Freedom Holding Corp. компаниясының акцияларына байланыстырылған және онымен бірге өзгеріп отырады. Қазір FRHC акциясының бағасы бірлігіне 95 доллар. Оны толтыруға, басқа валюталарға айырбастауға, банк ішіндегі телефон нөмірі бойынша және басқа банктердің карталарына аударуға, коммуналдық және мемлекеттік қызметтерге ақы төлеуге, кез-келген басқа ақша бірлігі сияқты сатып алуға жұмсауға болады.

*ETN – AIX биржасында саудаланатын, оған тиісті салық жеңілдіктері қолданылатын АХҚО құқығына сәйкес тіркелген және шығарылған биржалық нота. 

25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы

Талқылау