Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда салынатын жаңа жылу электр орталықтары кімнің меншігінде болады – Энергетика министрлігі жауап берді

Ресей Федерациясы еліміздің үш қаласында жаңа жылу электр орталықтарын салады. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов құрылыс аяқталған соң бұл нысандар Қазақстанның меншігінде қалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тэц сток

Фото: pixabay.com

Жылу электр орталықтары Өскемен, Семей мен Көкшетау қалаларында салынады. Ал Ресей тек бас мердігер ретінде құрылысты жүргізіп, жеңілдетілген негізде қаржы құяды. Құрылысқа тапсырыс беруші – “Самұрық-Энерго” компаниясы.

“Қазір жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр. Алдымен Көкшетаудағы жылу орталығы салынады. Одан кейін басқа қалаларды орталықтардың құрылысы басталады. Қазақстаннан тапсырыс беруші "Самұрық-Энерго" компаниясы. Сондықтан ол басқа біреудің меншігіне өтеді деуге еш негіз жоқ. Биыл жобалау құжаттары мен келісімшартты бекіту жоспарланған", – деді ол.

Көкшетаудағы жаңа жылу электр орталығы 2028 жылы іске қосылуға тиіс. 

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Көкшетау, Семей мен Өскеменде көмірмен жанатын жылу электр станцияларын салу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдаған еді. 

Талқылау