Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда салық органдары маркетплейстерден тікелей деректер ала бастайды

gb.ruФото: gb.ru

Қазақстанда салық органдары маркетплейстерден тікелей деректер ала бастайды. Қаржы министрлігінің пікірінше, бұл бизнесті көлеңкеден шығарып, нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Салық органдары маркетплейстермен тікелей интеграцияланады. Қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын сататын интернет-платформалардың иелерін салық министрлігіне сатушылар, сатылған тауарлар мен қызметтердің құны, қайтарылмаған тапсырыстар үшін төлем сомасы, сондай-ақ маркетплейстің ұстайтын комиссия мөлшері туралы ақпарат беруге міндеттейді.

"Енгізіліп жатқан шаралар кәсіпкерлік қызметті жүргізудің ашық және тең жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нарықты заңдастырып, адал емес қатысушыларды жояды және көлеңкелі секторға кету тәуекелін азайтады", – дейді министрлік.

Министрлік деректер салықтық әкімшілендіру үшін пайдаланылатынын хабарлайды. Министрлік сенімді, бұл қазақстандық та, шетелдік онлайн-платформалар да бірдей ережелермен жұмыс істейтін адал бәсекелестік жағдайын қалыптастырады. Сарапшылардың айтуынша, сауда саласы көлеңкелі экономика үлесі ең жоғары салалардың бірі болып отыр. Ресми деректер бойынша оның көлемі 17-18%-ға бағаланды.

AERC компаниясының бас директоры Жәнібек Айғазин Мемлекет интернеттегі экономикалық қызмет арқылы адамдар жасайтын табыстарды алуға тиіс екенін айтты.

"Сондықтан бұл қалыпты жағдай. Жаңа салық кодексі болған болар, болмаған болар – маңызды емес. Менің ойымша, бұл біздің салық кодексіміздің іске асырылу элементі", – дейді ол.

FINANCE қаржылық кеңесшісі Арман Байғановтың пікірінше,  жаңа ережелер бұрын салық төлемейтін кәсіпкерлерде тауар бағасының өсуіне әкелуі мүмкін.

"Салықтарды жасырғандар, төлемегендер, дәл осы жасырындық арқылы белгілі бір бәсекелестік артықшылыққа ие болды. Яғни олар тауардың бағасын төмендетіп, демпинг жасай алды. Бұл таза жұмыс істейтін кәсіпкерлерге әділетсіз", – дейді Арман Байғанов.

Сонымен қатар электрондық сауда қызметін пайдалану Қазақстанда барған сайын артып келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша соңғы үш жылда интернет-сауда көлемі екі есеге жуық өсті және өткен жылы 3 триллион 200 миллиард теңгеге жетті.


Қазақстанда маркетплейстер арқылы қауіпті тауарларды сатуға тосқауыл қойылады


Көлігін 71 миллион теңгеден қымбатқа сатқан қазақстандықтарға қосымша салық салынады


Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар шетелдік маркетплейстен алған заттары үшін 5% салық төлейтінін жазған едік. 2023 жылғы желтоқсанда ЕАЭО мемлекет басшылары Кедендік кодекске электронды сауданы реттейтін өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Енді жеке тұлғалардың шетелдік интернет платформалардан сатып алатын тауарлары "электронды коммерция тауарлары" санатына бөлінеді. Оларға 5% бірыңғай баж ставкасы қолданылады (200 еуродан аспайтын тауарларға баж салынады). Жеткізу тікелей немесе бонд қоймасы арқылы жүзеге асады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 11:30
Талқылау