Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік телеарналарға тыйым салына ма – Министр жауап берді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі ресейлік телеарналарға тыйым салуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазақстанның медиа нарығы сұраныс пен ұсынысқа бағытталғандықтан, Аида Балаева мұндай шектеулерді енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.

“Бұл – нарық. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Біз жабық бола алмаймыз. Шетелдік және қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытып, не көруге болатынын адамдар өзі таңдайды. Нарық еркін дамып жатыр, оны шектеуге құқымыз жоқ”, – дейді министр.

Сондай-ақ министр жергілікті шығармашылық индустрияны, оның ішінде кино мен туризмді дамытуға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

“Біз туризм мен кино саласының қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Небәрі 2-3 жылда қаншама отандық фильмдер жарыққа шықты. Біз көрермендердің таңдау құқығын шектей алмаймыз. Десе де, сапалы өнімдеріміздің көп болуына барынша атсалысамыз”, – деді Аида Балаева.

Бұған дейін қазақстандық компания Ресейге тауар жеткізуге көмектескені үшін санкцияға ілінген еді.

Талқылау