Қазақстанда референдум басталды: Неше сайлау учаскесі ашық екені белгілі болды

Фото: ЖИ
15 наурызда Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ашылған сайлау учаскелерінің санын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтуынша, аймақтардағы барлық 10 388 сайлау учаскесі дауыс беруге ашылды. Аумақтық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, 92 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды.
"Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді. Барлығы учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде 17 514 сырттай дауыс беру бюллетенін берді. Қазақстан Республикасында 10 388 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 54 елде Қазақстанның 71 сайлау учаскесі бар", – деді Ерман.

Астанадағы №130 сайлау учаскесінде премьер-министр Олжас Бектенов дауыс беріп үлгерді. Ал Генадий Головкин Банкгокта дауыс берген екен.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде фото және видео түсіру тәртібін түсіндіргені туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?