Қазақстанда прокуратура бизнесті мүлдем тексермейтін болады
Бұдан былай прокуратура органдары еліміздегі бизнесті мүлдем тексермейтін болады. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҰКП-ның IV съезі барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Марат Ахметжановтың айтуынша, прокуратура органдары соңғы 18 жыл ішінде тексерулерді тіркеп келді. Қазір бұл тіркеу ІТ жүйеге көшіп жатыр. “Камқор” деп аталатын мобильді қосымшасы бар телефонға хабарламалар келіп түседі. Онда тексеру картасы орналасқан. Сол арқылы кімнің қандай заң бұзушылыққа барғаны көрініп тұрады.
«Тексеру нәтижесіне сәйкес, бақылау-қадағалау қызметі қысқару үстінде. Жеті жылдың ішінде тексерулер 5 есеге азайды. Прокуратура туралы жаңа заңға сәйкес, бизнесті тексеруден мүлдем бас тартпақпыз. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жағдайлар болғанда ғана жүргізіледі», – деп атап өтті ол.
Тағы да оқыңыз:
Мұсылманның айналысуына тыйым салынған 4 бизнес
Италиялық “миллионер биші” Джанлука Вакки Астанаға келмек
Ата-анасы баласын аяусыз ұрған алматылық әйелді кешірмейтінін айтты