Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда президенттік спорт клубы таратылды

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры спорт клубтарын тікелей қаржыландыратын болады. Бұл туралы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Астана ППСК-ін" тарату туралы шешім қабылдады. Қордың барлық спорттық жобалары Samruk-Kazyna-Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқаруына беріледі. Бұл шешім қаржы ағындарының байланыстарын оңтайландыру және оларды реттеу мақсатында қабылданды.

"Мақсат - көп деңгейлі есептілік пен қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға кететін қосымша шығындарды жою", - деді Асқар Баталов.

Жойылған ППСК-нің бұрынғы басшысы Баталов олардың қызметін Samruk-Kazyna Trust Fund бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қадағалай бермек.

Сонымен қатар, Баталов бұл шешім "Астана" ППСК-нің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істермен байланысты емес екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, алдағы жылдары "Самұрық-Қазына" қоры спорттық жобалардан бас тартуды жоспарламайтынын, алайда қазіргі жағдайға байланысты 2020 жылы спорт клубтарын қаржыландыру 15% -ға азайтылғанын айтты. 2021 жылға қарай "Самұрық-Қазына" қоры өзінің барлық спорттық жобаларын қаржыландыруға қаражат бөлді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр