«Жабылуын сұраймыз»: Белсенділер әскери полигондардың қазақстандықтардың денсаулығына зиян тигізетінін айтты
Тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері президенттен шетелдік әскери жаттығу алаңдарын жабуды сұрайды. Олар құрлықаралық баллистикалық зымырандардың сынақтары қазақстандықтардың денсаулығына зиян келтіретінін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнасына сілтеме жасап.

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, қазіргі кезде 11 миллион гектарды полигон алып жатыр. Бұл қазақстанның тоғыз аумағына тең.
Ардагерлердің зерттеуінше, осының әсерінен балалар патологиялық аурумен дүниеге келіп жатыр.
Қазақстанда бес Ресей әскери-жаттығу полгоны бар. Жалға алынған жер қай уақытқа дейін созылатынын белгісіз. Ал Сыртқы істер министрілігі ардагерлердің ұсынысына ешқандай шара қолданбады.
Осыған дейін Ақтөбе және Қостанай облыстарында екі зымыран құлап үлгерген.
«Зымырандардың басқа да аумаққа, яғни мектеп, балабақша мекемелеріне құлауына ешқандай кепіл жоқ», - дейді Республикалық «Ардагерлер Одағы» қоғамдық ұйымының өкілі Мұрат Мұхамеджанов.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"