Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пневмониядан көз жұмған адам тіркелмеді

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 23 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратқа тоқталатын болсақ.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 364 жағдайы тіркелді. Оған қоса 66 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте пневмониядан көз жұмған науқас тіркелмеді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31532, 345 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті.

Талқылау