Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "Pfizer" және "Roshe" компаниялары дәрілік препараттар өндіреді

"Pfizer" және "Roshe" компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Үкімет басшысы "AMANAT" фракциясының кеңейтілген отырысында осылай деп мәлімдеді. Әлихан Смайылов медицина саласындағы жаңалықтарды да баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр республикада неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесінің шелігенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған.

"Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері ерекше бақылауда. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді. Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек Смайылов отандық QazVac вакцинасын әзірлеу және нарыққа шығару серпінді жоба болғандығын атап өтті.

"BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін берді. Мысалы, "Pfizer" және "Roshe" компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Ағымдағы жылы сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді", - деді Смайылов.

Талқылау