Қазақстанда петицияда көтеруге болмайтын тақырыптардың тізімі бекітілді

Елімізде петицияда көтерілмейтін тақырыптардың тізімі жарияланды. Бұдан былай азаматтар арнайы платформада қоғамға қауіп төндіретін және заңға қайшы келетін мәселелерге қол жинай алмайды. Жазбаша үндеуді бақылауға алатын жаңа заң жобасын мәжіліс депутаттары таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Петиция жариялауға тыйым салынатын тақырыптар қатарына жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға әкелуі мүмкін мәселелер кіреді. Амнистия, соғыс, зорлық-зомбылық, нәсілдік немесе діни араздықты, экстремизм мен сепаратизмді қоздыру және өзге де дұшпандық әрекеттер, есірткі құралдарын тарату немесе насихаттаудың кез келген түрі бойынша да қол жинауға болмайды
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі