Қазақстанда пәтерді жалға алу бағасы өседі
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Елде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу айналымы былтыр 2,4 есеге өскенмен, арадағы делдалға түсетін пайда азайған. Алайда пәтерін жалға беретіндер 2020 жылы 600 млн теңгеден аса, ғимаратты жалға беретіндер 200 млн теңгеден аса табыс тапқан. Сауда нарығындағы жағдай керісінше. Мұнда кіріс 28,3%-ке дейін төмендеп, небәрі 16,2 млрд теңгеге жеткен. Жалпы өткен жылы тұрғын үй саудасы 2,5 есеге өсті.
Мамандар биыл импорттық заттарға бағаның өсуіне байланысты баспана бағасы да қымбаттайтынын айтады. Ал наурыздан бастап жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% -ке дейін қымбаттауы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”