Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтер жалдап тұрушылар коммуналды қызметті төлеуге берілетін 15 мың теңгені алмайтындығына наразы

Елімізде 4 млннан астам адам 42 мыңға қол жеткізді. Қазіргі таңда үкімет қазақстандықтарға тағы бір жәрдемақы қарастырылғанын айтып кеткен еді. Алайда коммуналды қызметке берілетін 15 мың теңге бәріне қарастырылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

әйел

Бибіжамал Байтіленова

Үкімет карантинде отырған жұрттың екі айлық коммуналдық шығындарын өтемек. Бірақ бәріне бірдей емес. Яғни бірінші кезекте карантин құрсауында отырғандар, екіншіден әлеуметтік осал топқа жататындар. Бұған қоса тағы бір шарт бар екен: баспананың болуы.

Аталмыш жәрдемақыға қол жеткізе алмай отырғандардың баспаналы жұрт қай заманнан осал топқа кіруші еді деген уәжі бар. Қаладағы қалың қазақ пәтер жалдап жүр, сонда бұл көмек кімдерге қарастырылған деген базына қазірден айтылып жатыр. 

15 мың теңгені кімдер алады:

1, 2, 3 топ мүгедектері;

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

Көпбалалы отбасылар;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

Төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

«Ол 15 мың теңгені жеке банктің шотына аудармайды. Ол коммуналдық қызметтерін атқаратын ұйымдардың абоненттік счеттарына аударылады. Халық оны қолма қол ақша етіп ала алмайды. Ол 15 мың теңгені алу үшін халық, жергілікті атқарушы органдарға хабарласу керек. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар қажетті жұмыстарды жасап жатыр», - дейді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айнұр Құрмашева.

Қазіргі таңда 15 мыңнан үміттілердің міндетті түрде басыбайлы баспанасы болуы тиіс. Алайда өзіңе тиесілі пәтерің жоқ болса, жәрдемақыға қол жеткізу мүмкін емес. 

«Мен өз басым жалдамалы пәтерде тұрамын. Коммуналдық төлемдерге аударылған қарпажатты иеленуге құқығым бар ма, жоқ па? Онлайн түрде тексеруге болады. Сол мақсатта мен онлайн тұрде өз ИИН-ді тексеруге барсам, бұл қызмет түрін иеленуге ешқандай құқығым жоқ екен. ТЖ байланысты күйеуім жұмыссыз. Қаншама аймаққа мемлекет басшысы бөліп жатқан қаржат жетпей жатыр», - дейді көпбалалы ана Бибіжамал Байтіленова. 

Осылайша, бір жыртығымызды жамайтын болдық-ақ, деп отырғандардың көңілі су сепкендей басылды. Олар, еш болмаса, ақшаны пәтерлерін жалға беріп отырған азаматтарға аударсын деген уәж айтуда. Ондай, болмаған жағдайда, нағыз мұқтаждар, көмектен қағылатын түрі бар. Мемлекет ұсынып отырған көмектің адамның ақылына симайтын тағы біраз шикі тұстары бар дейді мамандар. Мысалы біздің елде коммуналдық шығындарды өтеуге жеңілдік беретін 10-нан аса заң бар. Мәселен, ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы заңы, ҚР ішкі істер органдары туралы заңы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен, олардың мүгедектері және оған теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы заң және тағысы тағы. Ол бойынша, министрлік ұсынған тізімдегі азаматтардың кейбіріне онсыз да жеңілдіктер жасалып отыр, ал енді бірі мүлдем коммуналдық шығындардан босатылған.

"Мысалы Ұлы отан соғысы ардагерлері заң бойынша ешқандай коммуналдық төлемақы төлемейді. Олар босатылған, соған қарамастан мына 15 мың төлемақы оларға беріледі деп жазылған. Сонда ол қалай болғаны?", - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің тарифтер жөніндегі сарапшысы Күнзадаш Саттықова.

Осы тұрғыда аталған көмек екі ай бойы төленетінін ескеріп кету керек. 


Қазақстанда ТЖ салдарынан жұмысынан айырылғандарды жалдап тұратын үйлерінен қуып жатыр

Талқылау