Қазақстанда пандемия кезінде кедейлік шегінен де нашар тұратындар қатары өсті ме: Министрлік жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов қанша қазақстандық кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кедейлік шегінен төмен адамдар қатарына атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады. Бүгінгі таңда 131 мың отбасы бар. Осы жылдан бастап АӘК, жаңа азық-түлік қоржыны және басқалары жаңа форматта беріледі", - деп жауап берді ол.
Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елде 107 мыңға жуық АӘК алушылар болған.
"Бұл адамдар пандемияға дейін және оның барысында да төлемдер алды. Осы уақыт ішінде электронды үкімет арқылы қосымша 29 мың өтініш түсті", - деп түйіндеді вице-министр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”