Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пандемия кезінде 182 дәрігер көз жұмды

Қазақстанда пандемия басталғаннан бері медицина қызметкерлері арасында 12 830 COVID-19 және пневмония жағдайлары анықталып, 182 медицина қызметкерлері қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, вирус жұқтырған 12 830 дәрігердің 8 339-ы жұмыс барысында коронавируспен ауырып қалған.

"Қазірдің өзінде кәсіби қызметіне байланысты инфекциясы расталған дәрігерлердің 88% -ы өз өтемақыларын алды. 182 медицина қызметкері коронавирустың салдарынан қайтыс болды. 36 құрбан болған дәрігердің отбасы өтемақы алды, 58 өтініш қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - деді Цой.

Медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциямен немесе вирустық пневмониямен ауырған жағдайда 2 млн теңге өтемақы алады.

Коронавирустық инфекциядан, вирустық пневмониядан көз жұмған жағдайда медициналық қызметкерлердің отбасыларына 10 млн теңге төленетін болады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Қазан, 2020 16:16
Талқылау