AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өзіне қол салатын ерлер саны әйелдерге қарағанда 5 есе көп – Зерттеу нәтижесі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстан суицид деңгейі жоғары алғашқы 20 елдің қатарына енді. Жыл сайын елде мыңнан аса адам өзіне қол салады. Соның ішінде суицид жасайтын ер адамдардың саны әйелдерге қарағанда 5 есеге көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

ер адам

2021 жылы Қазақстанда суицид жасағандардың 4%-ы 18 жасқа толмағандар. Ал өзіне қол салғандардың 76%-ы 18-75 жас аралығындағы ер адамдар екен. 

Елдегі суицидпен байланысты деректер аз зерттеледі. Қазақстан құқықтық статистика басқармасы келтірген мәліметтерге сәйкес, адамдар ажырасу, жалғыздық және ақшаның жоқтығына байланысты өз өмірлерін қияды.

"Алайда бұл тізімде психикалық күйзеліс пен медициналық мәселелер жайлы айтылмаған. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицидтің басты себебі ретінде көрсеткен депрессия жайлы мүлде қарастырылмаған", – дейді сарапшылар. 

2021 жылы өзіне қол салу деректерінің 28%-ы толығымен ашылмаған. Ал 60%-ы "өзге жағдайлар" ретінде қарастырылған. Сондай-ақ құқық қорғау органдары 377 ер адамның өзіне қол салу себебін анықтаған. Бұл суицид жасаған ер адамдардың жалпы санының тек 12%-на тең. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр