Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта 3 684 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 39 бала. Стационарларда – 2 003 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 681 пациент бар.
102 адам ауыр хәлде жатыр, 13 адам аса ауыр дәрежеде, 16 адам ӨЖЖ аппараттарында, 4 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 235 жағдайы тіркелген.
Қазақстанда өткен тәулікте 212 адам коронавирустан айықты Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус анықталды. Пневмониядан 1 адам қайтыс болды, 36 адам одан жазылып кетті.
1 тамыздан бастап барлығы пневмониямен барлығы 30814 адам ауырып, 338 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 26569-ға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 22, Шымкент қаласында - 29, Ақмола облысында - 27, Ақтөбе облысында - 2, Алматы облысында - 2, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 16, Батыс Қазақстан облысында - 64, Қарағанды облысында - 42, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында -2. Елімізде барлығы 101 822 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
