Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда отбасылық жұптарға тегін генетикалық тексеруден өтуді енгізу ұсынылды

Шымкентте жүкті әйелдерге арналған жәрдемақы көлемін заңсыз көбейтіп берген күдікті сотталдыФото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанда балалы болуды жоспарлап жүрген жұптарға генетикалық ауруларға тегін тексеруден өту мүмкіндігін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет мүддесі мен мүмкіндігі аясында белгілі бір емделмейтін диагноздармен, кейін мүгедектікке әкелетін аурулары бар балалардың туылуын алдын алу маңызды. Әлемдік тәжірибеде мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында болашақ ата-аналар жүктілікті жоспарлау кезеңінде генетикалық тексеруден өтеді”, – деді депутат мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, қазір ең тиімді әрі дәл зерттеу әдістерінің бірі – “carrier screening” деп аталатын генетикалық тест. Ол болашақ ата-ананың жүздеген тұқым қуалайтын ауруларды тасымалдау факторын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, муковисцидоз, спинальды бұлшықет атрофиясы, Х-хромосомалық сынғыш синдром сияқты дерттер. Сонымен қатар кариотиптеу – хромосомалық ауытқуларды анықтайтын зерттеу де маңызды.

Магеррамовтың айтуынша, мұндай зерттеу ерікті түрде және тегін жүргізілуге тиіс.

“Әр азаматтың генетикалық паспортының болуы – дені сау ұлт қалыптастырудың басты алғышарты. Сондықтан Халық партиясы үкіметке болашақ ата-аналарға ерікті түрде, ақысыз негізде жүктілікті жоспарлау кезінде генетикалық тексеруден өту жүйесін енгізуді ұсынып отыр”, – деді депутат.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 17:31
Талқылау