Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы пайда болады

Тоқаев қазақстандық бір топ әйелді марапаттадыФото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада елімізде Отбасы омбудсмені пайда болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады.

“Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін. Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді”, – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев қазақстандық бір топ әйелді марапаттағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 17:31