Қазақстанда сарбаздардың отан алдындағы борышын өтеуі екі жылға ұзартылады ма? Қорғаныс вице-министрі жауап берді
"Қазақстанда отан алдындағы борышты өтеу мерзім екі жылға ұзартылады ма?" деген сұраққа ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мұндай әңгіме жиі көтеріліп тұратындығын атап өткім келеді. Бірақ, бүгінгі күні 1,5-2 жылға іскери борышты өтеуге көшіру жоспарымызда жоқ.
Жас сарбаз курсын өту барысында, әскери бөлімге алғаш келіп түскенде жеке қаруды қолданумен байланысты барлық мәселелер қарастырылады. Яғни, олар автоматпен, тапаншамен атып үйренеді. Аталған атыс қаруларын қолданудың барлық қажетті тәсілдерін, әдістерін, оны ұрыс кезінде қолдану әрекеттерін меңгереді. Содан кейін ол осы курсты өтіп барып ант қабылдайды. Ант қабылданғаннан кейін ғана күрделі техникаларды меңгере бастайды», - деді вице-министр.
Бұған дейін Құрманбаев Арыстағы алқаптардан 200-ден астам оқ-дәрі қалдықтары табылғаны жайлы айтқан еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн