Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда осы уақытқа дейін 1,2 млн астам адам ПТР-тесттен өтті

3 наурыздан бастап 18 маусымға дейін Қазақстанда 1,2 миллионнан астам адам ПТР-тесттен өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта зертханалық зерттеу қуаттылығы – тәулігіне 28 мың ПТР -тесттен өту көрсеткішіне жеткен. Елімізде коронавирусты анықтайтын тест тапсырушылардың қатары күннен-күнге өсіп келеді.  

"Зертхананың саны 56-ға жетті. Оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметте – 25 зертхана болса, жеке медициналық зертханалардың саны – 13, медициналық ұйымдардың зертханаларының саны – 14", - дейді Лязат Ақтаева.

Сонымен қатар, Ақтаева тесттердің жеткілікті екенін айтып берді. Оның сөзінше, үкіметтік резерв есебінен қажеттінің барлығы алынуда. 

"Қазіргі таңда тест-жүйелерінің қалдығы – 501 мың. Оның ішінде мемлекеттік зертханаларда 300 мыңнан асады. Бұл – 18 күндік қор. Қосымша зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 35 мыңға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін үкіметтік резерв есебінен тиісті жабдықтар сатылып алынады. 1,2 млн тест-жүйесі сатылып алынады", - дейді Лязат Ақтаева. 

Елімізде тәулігіне 7 мың тест өткізіледі, бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш. Бұл еліміздің коронавирусқа қарсы тұра алатынының бір дәлелі дейді ол. 

"100 мың тұрғынға өткізілетін тестілер саны бойынша Қазақстан тәулігіне 7 мың тест өткізеді. Бұл Австрия, Канада елдерімен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға тәулігіне 6 мың тест, АҚШ-та 100 мың тұрғынға тәулігіне 8 мың тест жасалынады. Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда тестілеу саны бойынша әлемде 34-ші орында", - дейді вице министр. 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 17:21
Талқылау