Қазақстанда орташа жалақы 272 968 теңгені құрады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 272 968 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“2022 жылғы қаңтардағы бағалау бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 136 243 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 2,8%-ға өсті”, - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
Яғни, 2022 жылғы ақпан айындағы көрсеткішке сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 272 968 теңгені құрады. Бір жыл ішінде қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18,6%-ға өсті.
Ақпан айында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген адам саны 161,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құрап отыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ