Қазақстанда Тоқаевтың бастамасынан соң дайындалған орыс тілі туралы заң жобасы қабылданбайтын болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын жариялады. Алайда бір күннен кейін құжат мұрағатқа жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
25 қыркүйекте "Ашық НҚА" сайтында ТМД елдерінде орыс тілін қолдайтын және насихаттайтын ұйым туралы шартқа қол қою туралы құжат пайда болды.
Бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Ол оны 2021 жылдың желтоқсанында Ресей басшысы Владимир Путинмен әңгімелесу кезінде айтқан. 2022 жылдың қазан айында бұл идеяны ТМД-ның басқа елдері де қолдады.
Алайда жоба қабылданбады. Мұрағатқа кеткен құжатта тұрғындардың жағымсыз пікірлері бар. Қазақстандықтар орыс тілін дамыту идеясын сынға алып, бұл үшін мемлекеттік бюджетті жұмсауды орынды деп санамайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн