Қазақстанда орыс тілді мектептердің азайып бара жатқанын айтқан Ресей елшісі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік консул Евгений Бобровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров ТАСС-қа берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілін қолдану аясы тарылғанын, орыс тіліндегі мектептер мен сыныптар азайып жатқанын айтқан болатын.
“Ол кісі толық ақпаратты білмейтін шығар. Алматыда жұмыс істегеннен кейін сол қаланың ақпаратымен ғана шектелген болар. Айта кету керек, бұл азамат қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істемейді. Ол бір-екі күн бұрын Ресейге кетіп қалған. Қазіргі таңда бас консул емес”,– деді Смадияров.
Смадияров Оқу-ағарту министрлігінің мәліметін келтірді. Министрілктің ақпаратынша, елімізде 7711 мемлекеттік мектептің 3957-сі тек қазақ тілінде, 1203-і орыс тілінде, ал 2551 мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”