Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнімділігі жоғары HUAWEI Mate Book D 16 ноутбугінің сатылымы басталады

Қазақстанда 28 тамызда HUAWEI Mate Book D 16 - кең 16-дюймдік дисплейі бар, жаңа, өнімділігі жоғары ноутбугінің сатылымы басталады. Жаңа MateBook ноутбугі алдыңғыларына қарағанда анағұрлым жетілдірілген. Соның ішінде HUAWEI fullview жаңа көзге ыңғайлы дисплейі, 12-ші буындағы Intel Core h процессоры, жеңіл металл корпус, сонымен қатар құрылғылар арасындағы байланыса жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады.

Дисплейі

16 дюймдік FullView дисплейдің экранның корпусқа қатынасы 90% және жақтауларының қатынасы - 16:10. Дәстүрлі 16:9 өлшемімен салыстырғанда, HUAWEI MateBook D 16 қолданыс үшін әлдеқайда ыңғайлырақ. Себебі экранның мұндай арақатынасы арқасында пайдаланушылар сайттармен, диаграммалармен, мәліметтермен және құжаттармен өнімді жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар салмағы бар-жоғы 1,7 кг болатын HUAWEI MateBook D 16 металл корпусының портативті және жеңіл болуына байланысты ноутбукпен жолда немесе сапарға шыққанда жұмыс істеу өте ыңғайлы.

HUAWEI MateBook D 16 көмегімен пайдаланушылар TÜV Rheinland Low Blue Light сертификатталған технологиясының арқасында ноутбукпкен жұмыс істеу барысында көздеріне зиян келмейтініне сенімді бола алады.  Сонымен қатар, дисплей қолданушылар көз шаршауын жеңілдетуге көмектесетін жарықтықты реттеу жүйесімен жабдықталған.

Өнімділік

HUAWEI Mate Book D 16 12-ші буындағы Intel® Core™ процессорымен жабдықталған, екі арналы жедел жадымен және жоғары жылдамдықты қамтамасыз етуші SSD дискі бар ноутбук көп функциялы және күрделі жұмыстарды мінсіз орындайды.

Жоғары өнімділік HUAWEI Mate Book D 16 есептеу қуатына ғана байланысты емес. Бұл ноутбук сонымен қатар HUAWEI Metaline Antenna инновациялық технологиясының арқасында пайдаланушыларға тұрақты сымсыз желілерді пайдалануға мүмкіндік беретін нағыз күшті құрылғы. Wi-Fi сигналдары әлсіз болғанына қарамастан жүктеу жылдамдығы 55%-ға артады, ал ойындар мен бейнеконференциялардағы кідіріс сәйкесінше 57% және 67% төмендейді.
Сонымен қатар, HUAWEI Mate Book D 16-ның 1,5 мм пернелері оған инновациялық дизайн сыйлайды. Өз кезегінде бұл күні бойы пернетақтамен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Жаңа жеке сандық пернетақта пайдаланушыларға диаграммалармен, мәліметтермен және құжаттармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Ақылды конференциялар

HUAWEI Mate Book D 16-ға орнатылған 1080p жасанды интеллект камерасы бейненің сапасы мен жасанды интеллектің ақылды функциялары арқасында бейнеконференциялар керемет етеді.

Бейне қоңырау кезінде жасанды интеллектпен FollowCam камерасы нақты уақыт режимінде экрандағы адамды динамик жақтаудың ортасында болатындай етіп орналастырады; сондықтан адам қозғалса да, оның айтқандарын шатаспай тыңдай аласыз. "Көз контактісі" функциясы қолданушының көру өрісіне саналы түрде бейімделу үшін жасанды интеллекті қолданады. Сондықтан конференция қатысушылары бір-бірін экранда емес, шынайы өмірде көріп отырғандай сезімде болады.

Мәселен, бейне қоңырау кезінде әдетте пайдаланушыларға бөлмесін жинауға тура келеді немесе дәмханада бөгде адамдар кедергі келтіріп жатады. Ал виртуалды фонның арқасында сіз артыңызда не тұру керектігін (кеңсе, табиғат, дәмхана және т.б.) өзіңіз таңдай аласыз. Сондай-ақ фон ретінде дайын 
суретті немесе бұлынғыр фонды таңдау мүмкіндігі қарастырылған. 

HUAWEI Mate Book D 16 ноутбугінің шеттері төрт микрофонмен жабдықталған. Бұл құрылғыдан бес метр қашықтықта орналасқан дыбыс көздерінен дауысты жазып алуға, есітуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллекттің шуды жою алгоритмдері сөйлесу кезінде фондық шуды азайтады, ал дауысты сөйлеушіні дұрыс естуге көмектеседі.

Құрылғының жоғары өнімділігіне қарамастан, пайдаланушылар Huawei shark fin fan салқындату жүйесінің арқасында ноутбук қарқынды тапсырмаларды орындағанда да қызып кетпейтініне сенімді бола алады. Бұл тұрғыда HUAWEI Mate Book D 16  қолданушыларға стандартты және өнімділік режимі арасында еркін ауысуға, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Super Device 

HUAWEI Mate Book D 16 Super Device технологиясының арқасында бірнеше құрылғылармен бірлесіп жұмыс істеуді жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Super Device технологиясы сізге жақын жерде орналасқан басқа Huawei құрылғыларына оңай қосылуға және олардың арасында өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. HUAWEI Mate Book D 16-ның жанына құлаққаптар, тінтуірлер, пернетақталар, динамиктер мен Huawei принтерлерін қойсаңыз, ноутбук оларды автоматты түрде анықтап, тез әрі оңай қосыла алады.
HUAWEI MateBook D 16-ның үлкен экранына, оның жеңілдігіне, жоғары өнімділігіне, ақылды бейнеконференциялың байланыс мүмкіндіктеріне және суперқұрылғыларға жіксіз қосылуына қарап, бұл ноутбуктың гибридті кеңсе дәуірі үшін керемет өнімділік құрылғысы екенін түсіну оңай. Сондай-ақ ол 2-ші буынды 65 Вт қалта зарядтағышымен және икемді қосылымдарға арналған көптеген порттармен жабдықталған, сондықтан  қай жерде жүрсеңіз де байланыста бола аласыз.

Қазақстанда "сұр ғарыш" түстес HUAWEI MateBook D 16-ны сатылымы 2022 жылдың 28 тамызында басталады. Ноутбук сатып алғандарға HUAWEI Watch GT 3 сыйлыққа беріледі. Ноутбуктің бағасы 599 990 теңгеден басталады.

Талқылау