Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оннан аса блогер қосымша 1,4 миллиард теңге табысын мойындап, салық төлеп үлгерген

Мемлекеттік кірістер комитеті тексеру барысында 12 блогер өз еркімен қосымша табыстарын мойындап, 1,4 миллиард теңге сомасында декларация тапсырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Мәліметтерге сенсек,  Мемлекеттік кірістер комитеті табысты аз көрсету фактілеріне қатысты камералдық бақылау хабарламаларын орындау шараларын жалғастырып жатыр. Блогерлер 12 блогер өз еркімен қосымша табыстарын мойындап, 1,4 миллиард теңге сомасында декларация тапсырғанын. Осылайша 73,6 миллион теңге салық төлеген.

Бүгінде табысын азайтқаны үшін 854 блогерге камералдық бақылау хабарламалары жіберілген. Бұл хабарламаларда жалпы 71,9 миллиард теңге кіріс көрсетілмегені анықталған. Оны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Алайда бұл 71,9 миллиард теңге – төленбеген салық сомасы емес, салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстар. Нақты төленуге тиіс салық сомасы блогерлердің тапсырған декларацияларына сәйкес есептеліп, салық заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді.


  • Елімізде "блогерлер тізіміндегі" бес адам 69 миллион теңге салық төлеген

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге салық бойынша хабарламалар жібергені туралы хабарлаған едік. Оларға жалпы құны 53 миллиард теңгені төлеуге бір ай уақыт берілгенін мәлімдеді. Осыдан соң желіде салықтан жалтарған блогерлердің тізімі пайда болды.

Талқылау