Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өлім деңгейі 26%-ға төмендеді 

2022 жылдың 9 айында елімізде көз жұмғандар саны 101 700-ге жеткен. Дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға аз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өлім

Ranking.kz мәліметінше 2021 жылдың дәл осы кезеңінде Қазақстанда 137 600 адам көз жұмған. 

"Аймақтар бойынша ең көп өлім Алматы қаласында тіркелді – 9 300 адам, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35,1%-ға аз. Қарағанды облысында – 8 800 адам, Түркістанда – 7 400 адам. Ең аз дерек жаңадан құрылған Ұлытау облысында – 1 500 адам", – делінген ақпаратта. 

Агенттік дерегіне сәйкес биыл еліміздің барлық аймағында өлім деңгейі айтарлықтай төмендеген. Солтүстік Қазақстан облысында 18,7%-ға азайса, Шығыс Қазақстан облысында 52,5%-ға азайды. 

Қазақстандықтардың көпшілігі қан айналымы жүйесінің ауруынан көз жұмған (22 700 адам). Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 30,2%-ға төмен. Онкологиялық дерттен 10 200 адам, тыныс алу ағзалары ауруынан 9 800 адам, улану немесе жарақаттан 8 500 адам, ас қорыту жүйесі ауруларынан 8 100 адам көз жұмған. 

Талқылау