Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқу жылының үшінші тоқсаны қашан басталады

Қазақстанда белгіленген режимде 3 тоқсанда оқу процесінің қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде қатыстырылды.

Сайлау кезеңінде республикадағы сайлау учаскелері 7 090 мектептің 5 522-інде; 6 651 мектепке дейінгі балалар ұйымының базасында - 143 ; 644 орта мектептің 215-інде; 125 жоғары мектептің 53-інде, 22 мектеп-интернаттың, спорт мектептерінің, 114 ЖОО жатақханасының базасында, сондай-ақ 12 басқа білім беру объектілерінде (оқушылар сарайы, шығармашылық үйі, музыка мектептері) орналастырылды.

Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, сайлау аяқталғаннан кейін сайлау учаскелері ретінде тартылған білім беру объектілерінде 2021 жылғы 10 және 11 қаңтарда дауыс беру өткізілген кейін дезинфекциялау іс-шаралары ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Осыған байланысты биылғы 10 қаңтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін, еліміздің 6 өңірінде – Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанына белгіленген оффлайн-режимде оқу процесі осы жылғы 11 қаңтарда басталады.

Республиканың 11 өңірінде – Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оқыту 2021 жылғы 12 қаңтарда басталады.

STAN.KZ
Жексенбі, 10 Қаңтар, 2021 16:43
Талқылау