Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілген Тигран Кеосаян комаға түсіп қалды
Ресейлік тележүргізуші әрі режиссер Тигран Кеосаян комаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Настоящее Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Иван МАКЕЕВ
Тигран Кеосаянның жағдайы ауыр екенін әйелі Маргарита Симонян әлеуметтік желіде хабарлады. Ол күйеуінің көптен бері жүрегі ауырып жүргенін мәлімдеді.
"Соңына дейін айтқым келмеді. Бірақ журналистер қоңырау шалған соң, өзім хабарлайын дедім. Күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен аман қалды және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыттан бері ауырып жүрді", – деп жазды Симонян.
Сондай-ақ ол көпшіліктен отбасы үшін дұғада болуды, қолдау білдіруді сұрады.
До последнего не хотела, но, поскольку уже начали звонить репортеры, напишу сама. Мой муж Тигран Кеосаян пережил клиническую смерть и находится в коме. У него, как многие знают, давным-давно очень больное сердце.
— Маргарита Симоньян (@M_Simonyan) January 8, 2025
"Тигранды жақсы көретіндерден ол үшін дұға етуді сұраймын", – деді ол.
Бұған дейін Кеосаян телебағдарламаларының бірінде Қазақстанға ашық қоқан-лоқы жасап, балағат сөздер айтқан еді.
Ол – Ресей билігіне тиесілі "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің, Sputnik ақпарат агенттігінің және Russia Today (RT) халықаралық ақпараттық желісінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі. Бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін жұбайы да Қазақстанға агрессивті шабуылдар жасады.
27 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік үгітшінің мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, ол Қазақстанға кіруге рұқсат берілмейтін тұлғалар тізіміне қосылу мүмкіндігін жариялады. Қарапайым қазақстандықтар да Кеосаянның шабуылдарын қатты сынаса, қазақтың белгілі актері Досхан Жолжақсынов тіпті ресейлік насихатшыны Италияның ұлттық фашистік партиясының жетекшісі Бенито Муссолинимен салыстырды.
Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді.
Кейіннен 2022 жылы 24 маусымда Кеосаян Қазақстанға кіруі орынсыз адамдар тізіміне енгізілді.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
