Қазақстанда неліктен коронавирустан көз жұмғандардың саны артты: Лязат Ақтаева жауап берді
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева елімізде коронавирустан көз жұмғандардың саны неге артқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтаеваның сөзінше бастапқыға қарағанда қазір вирусты анықтау деңгейі әлдақайда өскен. Соған сәйкес, қазіргі өлім деңгейі де пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмен дейді ол.
"Егер пайыздық көрсеткіш ретінде қарайтын болсақ сәуірде қайтыс болғандар 1,3 - 1,4 пайызды құраса, қазір 0,5 - 0,6 пайызды көрсетіп тұр. 332 науқас осы уақыт аралығында реанимация бөлімінен қарапайым бөлімге ауыстырылған. Бұл жағдайы ауыр науқастар еді. Олардың жағдайы жақсарды. Біз үшін ең маңыздысы уақытылы диагностика жасау, госпитализациялау, және уақытылы емдеу", - дейді Лязат Ақтаева.
Осылайша Ләзат Ақтаева коронавирусты уақытында анықтап, емдеу біз үшін маңызды деп ағынан жарылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”